Жыл басы

Қазақ бағзы замандардан бері он екі жылды бір мүше санап келген. Мүшел жылдар 12 түрлі хайуан атымен аталады.

Жыл басы

Қазақ бағзы замандардан бері он екі жылды бір мүше санап келген. Мүшел жылдар 12 түрлі хайуан атымен аталады. Бұлар төмендегідей: 1- жыл(басы)- тышқан, 2 жыл –сиыр, 3 – барыс, 4 –қоян, 5 – ұлу, 6 – жылан, 7 – жылқы, 8 – қой, 9 – мешін, 10 – тауық, 11 – ит, 12- доңыз. Аталған жылдардың жартысы үй хайанаттары да, қалғаны – түз тағылары. Сонымен 12 жфлдан кейін 13 – жыл тышқаннан бастап, осы мерзім бір мүшел деп аталады. Мүшел жылдың басын қашанда 22-наурыздан санайтын болған.

Мүшелдің шығу тарихы туралы әр алуан аңыз бар: Мәселен, Махмұт Қашқаридің айтуынша, ертедегі түркілердің бір ханы бұрынғы елекулі бір соғыстың қай мерзімде өткенін сұрағанда, жұрт тап басып айта алмаса керек. Сонда хан енді бұдан былай Зодиактағы он екі таңбаға сәйкес он екі жылды біркезеңге негіз етіп алуды ұсыныпты. Екінші бір аңыз-әңгімеде тағы бір хан аңға шығып, қасындағы қағушыларды түз аңдарын өзенге қарай тықсыртып қуса керек. Судан өткен аңдардың кезегіне қарап жыл санаудың тәртібін белгілепті деседі.

Үшінші аңыз бойынша он үш хайуан жыл атын иемденуге талап қылып, өзара таласып қалыпты. Содан тышқан тұрып: «Ертең ерте тұрып, жаңа шыққан Күнді аңдиды. Сонда Күнді ең бірінші көрген «жыл бсы» болсын, қалғандары Күнді көрген кезек тіртібімен жыл атауына ие болсын», - деп ұсыныс жасапты. Бәрі соған келісіп, уақыт жақындаған кезде тышқан ептілікпен түйенің басына шығып алып, Күнді бірінші көріпті. Бұдан кейін Күнді көрген он бір хайуан да жыл атын иемденеді де, «Менен бұрын ешкім көре алмас» деп, бойына сенген түйе, жыл атынан құр қалыпты делінеді.

Келесі бір аңызда түйе де құалақан қалмапты деседі. Бұл бойынша, жоғарыда аталған он екі хайуан түгел жиналып, түйенің мүшелерін бөлісіп алса керек. Осыдан барып жыл атын алған тышқанның құлағы, барыстың кеудесі, қоянның ерні, жыланның иір-иір бойы, сиырдың тұяғы, жылқының жалы, қойдың жоны, мешіннің бөксесі, тауықтың айдары, иттің саны, доңыздың құйрығы түйеге тартыпты дейді.

Жыл қайыру

Қазақта жыл басы Наурыз айының 22-нен басталады. Он екі жыл бір айналғанда бір мүшел толды деп есептелінеді. Жыл басы «тышқан» саналады. Ал 1983 жылдың наурызында доңыз жылы басталса, ол енді1995 жылдың наурызында қайта келеді. Кестеде қазіргі жыл санау мен ескі жыл қайыру қатар берілген. Сол арқылы әркім ескіше жыл қайыру әдісімен қазақтың жыл санауы бойынша өзінің қай жылы туғанын және неше мүшелге толғанын біле алады. Бірінші мүшел 13 жаста толады. Оған 12 жылды қосып отырсаңыз, келесі мүшел шығады. Адам өзінің туған жылын мүшел жылмен есептеу үшін туылған жылына 9 санын қосып, сол санды 12-ге бөледі. Ал сонда қалдық саны мүшел жыл саны болып шығады. Мәселен, кісі 1940 жылы туылған болса, бұл мүшел есебінің қай жылына тура келетінін білу үшін, оған 9 санын қосса, 1949 жыл болып шығады, ал соын 12-ге бөлсек, 5 қалдық саны қалады. Демек мүшел жыл есебі бойынша ол ұлу жылы туылған болады. Төменде жаңа санақмпен мүшел жылдың кестесі беріліп отыр:

Тышқан

1900

1912

1924

1936

1948

1960

1972

1984

1996

2008

Сиыр

1901

1913

1925

1937

1949

1961

1973

1985

1997

2009

Барыс

1902

1914

1926

1938

1950

1962

1974

1986

1998

2010

Қоян

1903

1915

1927

1939

1951

1963

1975

1987

1999

2011

Ұлу

1904

1916

1928

1940

1952

1964

1976

1988

2000

2012

Жылан

1905

1917

1929

1941

1953

1965

1977

1989

2001

2013

Жылқы

1906

1918

1930

1942

1954

1966

1978

1990

2002

2014

Қой

1907

1919

1931

1943

1955

1967

1979

1991

2003

2015

Мешін

1908

1920

1932

1944

1956

1968

1980

1992

2004

2016

Тауық

1909

1921

1933

1945

1957

1969

1981

1993

2005

2017

Ит

1910

1922

1934

1946

1958

1970

1982

1994

2006

2018

Доңыз

1911

1923

1935

1947

1959

1971

1983

1995

2007

2019

Осы кестені пайдаланбай өзінің қай жылы туғанын қазақша атау бойынша білгісі келгенде туған жылын қазақша атау бойынша білгісі келгендер туған жылын он екіге бөлу керек. Қалдықсыз бөлінсе, ол «мешін» жылы болғаны, қалдық біреу болса, оның «тауық», екеу болса «ит» жылы болғаны. Сөйтіп әрі қарай кете береді.


«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010

Similar materials