Ләззат Айтқожина

30 November 2017, 10:28 1705

Лəззат Кенжебайқызы Шығыс Қазақстан өңірінде 1980 жылы 22 сəуірде дүниеге келген. 2004 жылы Семей медициналық университетін тəмамдаған. Мамандығы – емдеу ісі. 2004 жылы интернатураны аяқтаған. Лəззат Кенжебайқызы алғашқы еңбек жолын Абай аудандық ауруханасында бастайды. «Ол жерде перзентхана немесе аурухана деп бөлінбейді, нағыз қайнаған ортаға түстім. Жас маман үшін тəжірибе жинақтап, теориялық білімді кəсіби тұрғыда жетілдіруге зор  мүмкіншілік болды» дейді Лəззат Айтқожина.     

Лəззат Кенжебайқызы 2012 жылдан бастап 4 жыл бойы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Дауа» бағдарламасын жүргізді. Ол уақытта ешбір арнада  медицина, денсаулық тақырыбын қаузайтын қазақ тіліндегі бірде-бір бағдарлама болған жоқ. Алғаш болып осы істі қолға алған ұжымның арасында Лəззат Кенжебайқызы да бар. Ол 2013 жылы Репродуктивті медицина институтына келді. Лəззат Айтқожина – репродуктивті медицина саласында қызмет істейтіндіктен, үнемі осы саладағы күрделі мəселелерді көтеріп, мемлекет тарапынан бөлінетін квотаның (ЭКО) санын көбейту керектігін алға тартып жүрген маман.

Share: