Жаңалықтар

Ең төменгі жалақы 200 мың теңге болуы керек - депутат

Ең төменгі жалақы  200 мың теңге болуы керек - депутат
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 02.11.2023 17:01 1613

Ең төменгі жалақы мөлшері 200 мың теңге шамасында болуы керек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Рақымжанов айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Мәжілісменнің айтуынша, ЖСДП фракциясы 2024 жылға арналған ең төменгі жалақы мен күнкөріс минимумының деңгейімен келіспейді. Сонымен қатар, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ай сайын әлеуметтік маңыздағы азы-түлік өнімдеріне тиісті мониторинг жасап келеді.

Біздің есептеулер бойынша орташа алғанда бір қазақстандық барлық табысының 55 пайызын азық-түлікке жұмсайды, - деді Асхат Рақымжанов.

Оның пайымынша, ең төменгі жалақыны бірнеше есе көтеру керек.

Біздіңше, Қазақстанда ең төменгі жалақы 200 мың теңге шамасында болуы тиіс, - деді депутат.

Бұған дейін депутат Әділ Жұбанов мемлекет белгілеген ең төменгі зейнетақы 57 853 теңгегеөмір сүру мүмкін емесін айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға