Empire журналы 2025 жылдың үздік фильмдерін жариялады
Empire журналы 2025 жылы жарық көрген ең үздік фильмдердің дәстүрлі рейтингін ұсынды. Тізімге барлығы 20 картина енген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Айта кетерлігі, бұл жолы рейтингте сыншылар жоғары бағалаған артхаустық туындылардан гөрі, кең аудиторияға арналған танымал жобалар басым.
Үздік фильмдер қатарында түрлі жинақтардан түспей жүрген «Битва за битвой» («One Battle After Another») де бар. Алайда бұл туынды тек екінші орынмен шектелді. Ал көш басына «Күнәһарлар» («Sinners») атты хоррор фильм шықты. Киносарапшылардың пікірінше, аталған екі картина алдағы Голливудтағы марапаттау маусымында басты фавориттердің біріне айналуы мүмкін.
Үшінші орынға «Қару» («Weapons») фильмі жайғасты. Бұл туынды бір мезетте тұтас бір сыныптың жұмбақ жағдайда жоғалып кетуі туралы сыр шертеді.
Төртінші орында – «Уоллис аралы жайлы баллада» («The Ballad of Wallis Island») драмасы. Фильмде оңашада өмір сүретін миллионердің өзі сүйіп тыңдайтын музыкалық дуэтті қайта қауыштыруға жасаған талпынысы баяндалады. Ал алғашқы бестікті көрерменге ерекше эмоция сыйлайтын «Ағын» («Flow») анимациялық фильмі түйіндейді. Онда басты кейіпкер – қара мысық жаһандық су тасқыны кезінде аман қалуға тырысады.
Empire нұсқасы бойынша үздік ондыққа сондай-ақ «Оны өлілер әлемінен қайтар», «Құбыжық: Өлім ғаламшары», «28 жылдан соң», «Ант етейін» және «Ертоқым» фильмдері де енген.
Empire журналы нұсқасы бойынша 2025 жылдың ең үздік 20 фильмі:
«Күнәһарлар» (Sinners, 2025)
«Шайқас» (One Battle After Another, 2025)
«Қару» (Weapons, 2025)
«Уоллис аралы жайлы баллада» (The Ballad of Wallis Island, 2025)
«Ағын» (Flow, 2025)
«Оны өлілер әлемінен қайтар» (Bring Her Back, 2025)
«Құбыжық: Өлім ғаламшары» (Predator: Badlands, 2025)
«28 жылдан соң» (28 Years Later, 2025)
«Ант етейін» (I Swear, 2025)
«Ертоқым» (Pillion, 2025)
«Никельден шыққан балалар» (Nickel Boys, 2024)
«Ащы шындық» (Hard Truths, 2024)
F1 (2025)
«Бугония» (Bugonia, 2025)
«Жалаң тапанша» (The Naked Gun, 2025)
«Қара дорба» (Black Bag, 2025)
«Динамиттен жасалған үй» (A House of Dynamite, 2025)
«Франкенштейн» (Frankenstein, 2025)
«Бруталист» (The Brutalist, 2024)
«Соғыс» (Warfare, 2025)

