Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
25.08.2023 15:14
Фото:
t.me/aqorda_resmi
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Құрметті қонақты елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды, - делінген мәліметте.
Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

