Жаңалықтар

Эльжана Таниева Париж алдында соңғы әлемдік жарысқа қатысады

Эльжана Таниева Париж алдында соңғы әлемдік жарысқа қатысады
Фото: ҚР ҰОК 10.07.2024 08:34 1909

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Эльжана Таниева Олимпиада қарсаңындағы соңғы ірі турнирге қатысады. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

23-28 шілде аралығында Румынияның Клуж-Напока қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогі өтеді. 

Бұл бәсекеде Әлия Юсупова жаттықтыратын Эльжана Таниева бақ сынайды. Аталған турнир гимнастар үшін Париж Олимпиадасының алдындағы шешуші турнир болмақ. 

Румыниядағы әлем кубогіне көркем гимнастикадан Париж Олимпиадасына жолдама алған 24 спортшы да қатысады.

Айта кетелік, қазіргі таңда Эльжана Таниева Германиядағы жаттығу базасында дайындалып жатыр. Спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын Ташкенттегі лицензиялық Азия чемпионатында жеңіп алған болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға