Жаңалықтар

Елжан Біртановтың сотына Үкімет мүшелері куәгер ретінде шақырылады

Куәгер ретінде Асқар Мамин, Бағдат Мусин, Тамара Дүйсенова және т.б. шақырылады.
Елжан Біртановтың сотына Үкімет мүшелері куәгер ретінде шақырылады
23.06.2022 14:01 1015

Қазақстан Республикасының экс Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевтің сотына жаңа куәгерлер, бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар шақырылады, деп хабарлайды El.kz BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатқан Нұр-Сұлтан сотында мәлім болды. Экс-министрдің адвокаттары №2 Сарыарқа аудандық сотында өткен кезекті отырыста Дүниежүзілік банк пен ҚР Үкіметінің жоғары лауазымды шенеуніктерін куәгер ретінде тарту туралы өтініш білдірді.

Экс-министр Елжан Біртановтың өтініші бойынша Дүниежүзілік банктің өкілі Бақтыбек Жұмаділ, Дүниежүзілік Банктің Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі сарапшысы Марсело Бортман, Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, бұрынғы Премьер-Министр Асқар Мамин куәлік етеді.

Сот өтінішті қабылдады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға