Жаңалықтар

Елорданың орталығында Абайдың цифрлық портреті көрініс тапты

Елорданың орталығында Абайдың цифрлық портреті көрініс тапты
Фото: Астана қаласы әкімдігі 10.08.2024 02:37 382

Астананың сол жағалауында қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ең үлкен цифрлық портреті көрініс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, диагоналы 65 метр болатын портрет 53 мың пиксельден астам жаңа LED-жарықтандырумен жабдықталған дөңгелекке орналастырылған.

Портрет қазақтың ою-өрнегімен және туымен көркемделген.

Қала тұрғындары шығармашылық туынды жасау үшін бұл орынға жиі бас қосады. Атап айтқанда, Астана тұрғыны, Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның әртісі Ұлжан Құлжанова портрет жанында «Көзімнің қарасы» туындысын скрипкамен орындады, - делінген мәліметте.

Нұра ауданының әкімдігі мен Ailand отбасылық демалыс орталығы ұйымдастырған іс-шара 10 тамызда атап өтілетін Абай күніне орайластырылды. Портрет пен анимацияны көрсету 16 тамызға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға