Жаңалықтар

Елорданың өнеркәсіптік даму көрсеткіштері соңғы бес жылда 1,5 есеге өсті

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді
Елорданың өнеркәсіптік даму көрсеткіштері соңғы бес жылда 1,5 есеге өсті
Фото: Unikaz.asia 08.08.2022 11:32 1051

Елорданың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 8 417,6 млрд теңгежәнесоңғы 5 жылда 1,5 есеге өсті, – деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі жалпы көлемде 7,7 % немесе 650,5 млрд теңгеге тең.

– 2022 жылғы 1 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында 63 018 жұмыс істейтінзаңды тұлға, соның ішінде, 62 194 шағын, 473 орта және 351ірі кәсіпорын бар. Жұмыс істейтін кәсіпорындардың 2 398-і өңдеу өнеркәсібіне жатады. Бұл, жалпы кәсіпорын санының 3,8%. Өңірдің өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2021 жыл қорытындысы бойынша 1 543,9 млрд теңгеге тең, соның ішінде, 1 390,5 млрд теңге – өңдеу өнеркәсібі, жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі 90,1% құрады, – делінген хабарламада.

Экспорт көлемі бойынша елорда Қазақстанның басқа өңірлері арасында 2-орындатұр.Ол жалпы көлемнің 10,2%. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің экспорты көлемі бойынша 9,5% үлеспен 5-орынды алады. Соңғы жылдары өңірлік экспорт номенклатурасы электровоздар және пассажирвагондары өнімдерімен толықты.

– Индустрияландырудың басынан Индустрияландыру картасы мен Кәсіпкерлікті қолдау карталары шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласысомасы 227,3 млрд теңге тұратын45 жоба пайдалануға берілді. 4,7 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Енгізілген жобалардың неғұрлым жоғары саны Алматыауданында орналасқан – 37 жобанемесе 82%. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі жобаларының арасындақұрылыс индустриясыенгізілген жобалар саны бойынша жәнеинвестиция көлемі бойынша – 57,4 млрд теңге немесе 51,1%. көш бастап тұр, – деді Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросы.

2025 жылға дейін5 мыңнан артық тұрақты жұмыс орнын ашумен сомасы 156,4 млрд теңге 57 инвестициялық жобаның жалпы пулы қалыптастырылған. Биылсомасы38,4 миллиард теңгегн 10 жобаны іске қосу жоспарланған. Өңірде енгізілетін жобалардың негізгі салалары -құрылыс индустриясымен машина жасау саласы. Осылайша, кәсіпорындар KIA Bongo автомобилі, респираторлар, лифттержәне басқа өнім өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға