Жаңалықтар

Елорданың ең биік ғимараттары

Астана күніне арналған фоторепортаж ұсынамыз
Елорданың ең биік ғимараттары
Фото: Ғазиз Шакиров 06.07.2022 10:52 5272

Бәйтерек монументі – Нұр-Сұлтан қаласының негізгі нышаны. Оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім Бәйтеректің биіктігі 97 метр.

Елорданың ең биік ғимараттары

«Абу-Даби Плаза» – тек Қазақстанда емес, Орта Азиядағы ең биік ғимарат. Аумағы – 510 мың шаршы метр. 88 қабаттан тұратын ғимараттың ең биік нүктесі – 382 метрге дейін жетеді. Кешеннің ішінде қонақ үй, кеңселер, пәтерлер, сауда орталығы болады деп жоспарланған.

Елорданың ең биік ғимараттары

MEGA SilkWay – ойын-сауық және сауда орталығының жалпы аумағы - 140 мың шаршы метр. Атриумдардың биіктігі 25 метр. Ғимарат үш қабаттан тұрады: екіқабаты жер үстінде орналасқан және біреуі жер астында. Сауда орталығына 9 жерден кіруге болады. Оның екеуі жер астында. Автомобильдерді тұраққа қою үшін 2100 орындайындалған. Оның 400-і жерастындағытұрақта. Сауда және ойын-сауық орталығына шамамен бір айда 1 миллион адам келеді.

Елорданың ең биік ғимараттары

Елорданың ең биік ғимараттары

«Нұр Әлем» сферасы –  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ең танымал нысаны болды. Шар тәрізді шыны ғимараттың диаметрі 80 метрді құраса, биіктігі 100 метрге жетеді. Жоба авторы, неміс сәулетшісі кіші Альберт Шпер.  «Нұр Әлемнің» «мұнайдың соңғы тамшысы» және барша адамзаттың болашақтың энергиясына өтетін дәуірі ретінде ойластырған. «Нұр Әлемге» саяхатты сегізінші қабаттан бастаған жөн.

Елорданың ең биік ғимараттары

Нұр-Сұлтанда бой көтерген ең үлкен мешіт. Елімізде және Орта Азиядағы ең үлкен мешіт болып саналады. Сыйымдылығы 30 мың адамға дейін. Әзірге құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Елорданың ең биік ғимараттары

«Хан Шатыр» – елордада орналасқан сауда және ойын-сауық кешені. 2010 жылы пайдалануға берілді. «Хан Шатыр» СОО ғимаратында сауда бутиктері, кафе, мейрамханалар, балалар ойын-сауық орталығы, дара рельсті жол, кинотеатр, сондай-ақ, бірегей тропиктік жағажай орналасқан. Кешеннің шатыры – әлемдегі ең үлкен шатыр болып табылады. Құрылыстың жобасын архитектор Норман Фостер жасаған. Биіктігі – 150 метр.

Елорданың ең биік ғимараттары

«Ailand» шолу дөңгелегі. «Колесо обозрения»  биіктігі 65 метр және салмағы 270 тонна. Паромдықдоңғалаққаланыңпанорамалықкөрінісі бар 36 жабық кабиналармен жабдықталған. Әр кабинада ауабаптау және жылыту жүйелері бар.

Елорданың ең биік ғимараттары

«Солтүстік шұғыла» кешені – 34, 39, 44 қабаттан құралған тұрғын үйлерден тұрады. 2008 жылы пайдалануға берілген. Жалпы ауданы – 130 мың шаршы метр. Пәтерлер саны – 165. «Хай-тек» стилінде тұрғызылған кешенінің биіктігі 180 метрге жетеді. Тұрғын үй қаланың сол жағалауында сулы-жасыл бульварда орналасқан.

Елорданың ең биік ғимараттары

«Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ бас кеңсесінің ғимаратында барлық жүк және жолаушы тасымалдау процесіне диспетчерлік басшылық орналасқан. Биіктігі – 175 метр. 37 және 40 қабаттан тұратын екіғимарат бар. 2010 жылы пайдалануға берілген.

Елорданың ең биік ғимараттары

 «Астана салтанаты» тұрғын үй кешені. Биіктігі – 142 метр. 2006 жылы салынған кешен 39 қабаттан тұрады. Жалпы аумағы – 113 000 шаршы метрді құрайды.

Елорданың ең биік ғимараттары

Фото: Ғазиз Шакиров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға