Жаңалықтар

Елордалық теннисші Австралияда өтіп жатқан турнирдің финалына жетті

Елордалық теннисші Австралияда өтіп жатқан турнирдің финалына жетті
Фото: gov.kz 28.01.2023 15:00 862

Астаналық теннисші Альбина Какенова Австралиядағы жасөспірімдер турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мельбурн Паркінің» кортында Австралияның ашық чемпионатына арналған Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирі аяқталды. 14 жастағы жерлесіміз Альбина Какенова финалдағы тартысты бәсекеде Жапония өкілі Хикари Ямоммотоға есе жіберіп алды: 7:6, 4:6, 2:6.

«Әрине, шешуші матчта жеңіліп қалғаныма мұңайып отырмын. Финалға жету үшін көп қаншама күш жұмсадым. Дегенмен жылды жақсы бастағаныма өте қуаныштымын. Бірінші финал - мұндай беделді турнирде. Бұл тамаша апта және жақсы турнир болды. Мен одан тек оң нәтиже ала аламын», - деді Какенова.

Альбина Астана теннис мектебінің тәрбиеленушісі, «Дәулет» теннис орталығында Марат Шариповтың жетекшілігімен жаттығады. Өткен жылы Қазақстан маусымды 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Азия рейтингінде бірінші орында аяқтап, ATF (Asian Tennis Federation) Juniors сериясының жалпы төрт турнирінде жеңіске жетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға