Елордалық спортшы дәстүрлі садақ атудан қола жүлде алды
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Фото: Астана қаласы әкімдігі
09.09.2024 19:38
396
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан «Пута» нысанасы бойынша өнер көрсеткен Астана қаласының спортшысы Қасымхан Қанат қола медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұдан бұрын тағы бір жерлесіміз әйелдер арасында өнер көрсеткен Айкөркем Батихан қола медаль еншілеген болатын.
Бүгін «Пута» нысанасы бойынша (ерлер – 70 метр, әйелдер – 60 метр) жарыс өтті. «Арғымақ» ат-спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысып жатыр.
Бұл спорт түрінен Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы ел намысын қорғайды.
Айта кетейік бұл спорт түрінен Астана қаласының алты спортшысы бақ сынауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
22 желтоқсан – Архившілер күні