Елордалық құтқарушылар үйге кірген жарқанатты ұстап алды
01.10.2025 23:12
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Астанадағы Есіл ауданында Әл-Фараби көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтеріне жарқанат ұшып кіріп, өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жарқанатты абайлап ұстап алып, табиғатқа жіберді. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай болғанда мына кеңестерді есте ұстау қажет:
-
жарқанатпен тікелей байланыста болудан аулақ болу;
-
балалар мен үй жануарларын басқа бөлмеге шығару;
-
тістеуден қорғайтын қолғап киіп, жануарды абайлап ұстап, бостандыққа жіберу.
Құтқарушылар тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

