Елордалық құтқарушылар екі балаға көмек көрсетті
04.01.2025 23:17
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Елордада Сарыарқа ауданының көпқабатты үйлерінің бірінде құтқарушылардың шұғыл көмегі қажет болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 2019 және 2021 жылдары туған балалар пәтерде қамалып қалған кезде орын алды. Балалардың анасы үйден шығып бара жатқанда, кенеттен есік жабылып, оны сыртынан аша алмай қалған. Балалар іште жалғыз қалғандықтан, анасы бірден құтқару қызметіне хабарласқан.
Құтқарушылар оқиға орнына тез арада жетіп, альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен 15-қабаттағы пәтерге кірді. Балалар дін-аман болып, ата-аналарына аман-есен табысталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

