Елордалық құтқарушы қайғылы оқиғаның алдын алды
20.05.2025 22:08
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Оқиға Астанадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Профилактикалық жұмыстарға жұмылдырылған 23-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Рүстем Сәдуақасов 7-қабаттан шыққан түтінді байқап, пәтерге қарай асыққан. Ол өрт шыққан пәтерге келген кезде ол қатты түтінді байқап, адамдардың бар-жоғын тексеріп, өртті сөндіруге кіріскен.
Рүстем Сәдуақасовтың жедел әрі батыл әрекеттерінің нәтижесінде өрт дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

