Жаңалықтар

Елордалық полицейлер жүргізушілерге ескерту жасады

Елордалық полицейлер жүргізушілерге ескерту жасады
Фото: pixabay.com 14.04.2023 20:12 918

Елордада ауа температурасының күрт төмендеуі, жаңбыр түріндегі жауын-шашын мен оның қарға ұласуы, сонымен қатар, көктайғақ болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежеуге бармауды, қашықтық пен бүйірлік қашықтықты сақтауды, жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз. Ауа-райының күрделі жағдайын ескере отырып, қала сыртындағы ұзақ сапарлардан бас тартуды ұсынамыз. Мүмкін болса, балама көлік түрін пайдаланыңыз, - делінген хабарламада.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де ерекше сақ болуы керек.

Өз қауіпсіздігіңіз үшін көшелерді белгіленген орындардан кесіп өтуге кеңес береміз. Жолдарда жүру кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды қабылдау шараларын жасаңыз, - деді полициядан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға