Елордалық өрт сөндірушілер екі адамды құтқарды
07.04.2024 18:45
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Астана қаласында Қарасай батыр көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пәтерде үй заттары мен жиһаздар өртенген. Өртті сөндіру барысында елордалық төтеншеліктер қарт әйел мен ер адамды құтқарып, одан әрі тексеру үшін 103 бригадасына тапсырды. Пәтерден шыққан тілсіз жау толығымен сөндірілді.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 19 адамы және 5 бірлік техникасы жұмылдырылған.

