Жаңалықтар

Елордалық колледжде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

Елордалық колледжде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 21.11.2023 02:11 564

Қазақстандық Швейцария-Америка колледжінде Дүниежүзілік балалар күні аясында инклюзияны қолдау кабинеті ашылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиевтің ақпараты бойынша, елорданың кәсіптік білім беру саласында алғаш рет инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Осыған дейін тек мектептер мен балабақшаларда болатын.

Біздің мақсатымыз – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға мектептен кейін кәсіптік білім алуға жағдай жасау. Өткен жылдан бастап қалалық колледждерге 100-ге жуық бала түсті. Олар аудармашы, дизайнер, бағдарламашы сияқты еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды таңдады. Айта кету керек, осы бағытта білім беретін мұғалімдер де назардан тыс қалмайды. Жыл сайын біздің қаламызда 500-ден астам педагог мамандандырылған орталықтарда инклюзия бойынша біліктілігін арттырады, - деді Қасымхан Сенғазиев.

Швейцария-Америка колледжінің жетекшісі Гүл Жанаева бүгінгі таңда білім беру мекемесінің қабырғасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 98 студент білім алатынын атап өтті.

Екінші жыл қатарынан біз түрлі аурулары мен мүгедектігі бар балаларды оқытуға қабылдаймыз. Аурулардың ауқымы өте кең. Жалғыз шарт – психикалық бұзылулардың болмауы. Біз 10 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлаймыз. Бүгінгі инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуын Дүниежүзілік балалар күніне орайластырдық. Өткен жылы бағдарламалық қамтамасыз ету, интерьер дизайны және аударма ісі сияқты мамандықтар бойынша ерекше қажеттіліктері бар 49 оқушыны қабылдадық. Өкінішке қарай, аударма ісі мамандығы ақылы негізде. «Атамекен» КП жанындағы Іскер әйелдер кеңесі бұл мәселеде бізді қолдап, «Живое слово» Республикалық байқауының гран-при иегері Мөлдір Сәбитбектің оқуына ақы төледі. Биыл біз 50-ден астам студентті оқуға қабылдадық, - деп атап өтті колледж директоры.

Оның айтуынша, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау колледж қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Оларға оқыту процесін жақсарту үшін техникалық және әлеуметтік жағдайлар жасалды: пандустар, колледжге кіре берісте және дәретхана кабиналарында тұтқалар, тактильді тақтайшалардан жасалған жолдар, инвотаксиге арналған тұрақ орнатылған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға