Жаңалықтар

Елордалық дәрігерлер ауыр сырқатқа шалдыққан науқасқа ота жасады

Елордалық дәрігерлер ауыр сырқатқа шалдыққан науқасқа ота жасады
Фото: © El.kz 02.11.2023 22:51 652

Елордада Н.Ж.Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының дәрігерлері Бехтерев сырқатын емдеуде ерекше әдіспен бірегей ота жасады. Құны 3 млн.теңге шамасындағы бұл ота пациентке МӘМС жүйесінде жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы мәлім етті.

47 жастағы пациент ұзақ уақыт бойы ем қонбайтын ауырсынулардан зардап шеккен. Енді оның толық сауығып кетуіне үміт бар. Пациент бұрын анықталған Бехтерев диагнозы салдарынан қиналып, сырқат оның белсенді өмір сүруіне мүмкіндік бермеген. Алайда, академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы дәрігерлерінің күш-жігері арқасында пациенттің сауығуына үміт сыйлады. Пациентке МӘМС жүйесінің арқасында күрделі ота тегін жасалды. Айта кетейік, МӘМС бойынша жасалған бұл отаның құны – 3 млн теңгеге жуық.

Пациент көп жылдар бойы сырқаттан зардап шегіп келген, оның емі бар екенін білмеген. Бехтерев диагнозы кешенді тәсілді қажет етеді. Омыртқа бағаны деформациясының асқынуы кезінде ота жасау қажет. Адам тік жүре алмағанда, омыртқа бағаны қисаяды. Осы жағдайда біз омыртқа бағанын және буындарды түзету үшін озық әдістерді қолдандық. Бұл пациенттің өмір сапасын жақсартуына және тік жүруіне мүмкіндік береді, - дейді ота кезінде қолданған әдіс туралы ҰҒТОО ортопед-дәрігері, медицина ғылымының докторы Сейдалы Абдалиев.

Бұл ерекше жағдай сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі мен пациенттердің денсаулығын жақсарту үшін озық әдістерді қолдануға дайын мамандар болуының да маңыздылығын көрсетеді.

Отасы сәтті өткен пациент алғысын былай білдірді:

Мен қиналып, ұзақ жүрдім және оның емі бар екенін білмедім. Бұл ота бәрін өзгертті. Енді менде ауырсынбай, шектеусіз, белсенді өмір сүруге үміт пен мүмкіндік бар. Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының №6 ортопедия бөлімшесінің дәрігерлері мен қызметкерлеріне кәсіби қызметі мен қамқорлығы үшін алғысым шексіз.

Жалпы, биыл 10 ай ішінде Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында 8500-ден аса пациент емделіп, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) арқасында сапалы медициналық көмек алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға