Жаңалықтар

Елордалық дәрігерлер Атырауда 6 күрделі ота жасады

Елордалық дәрігерлер Атырауда 6 күрделі ота жасады
Фото: ҚР ПІБ Медициналық орталығы 24.05.2023 23:50 694

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының білікті дәрігерлері Атырау облысындағы жұмыс сапары аясында 6 күрделі ота жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарлама кестесіне сай жоғары санатты нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев басында қатерлі ісігі бар, ми аневризмасы бар және ми қантамыры күрт тарылған 5 науқасқа күрделі операция жасады және 46 атыраулық тұрғынға жеке консультация жүргізді. Бұған қоса жоғары санатты гинеколог дәрігер Талғат Капаков үлкен өлшемді жатыр миомасы бар науқасқа лапароскопиялық шұғыл операция жасады.

Елордалық дәрігерлер Атырауда 6 күрделі ота жасады

МО ауруханасы директорының емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Карабаева атыраулық әріптестерге аурухананың төсек-орындарын пайдалану бойынша  35 дәрігерге шеберлік сабағын жүргізді және өңірдегі түрлі аурухананың 17  маманына дәріс оқыды.

ҚР ПІБ МО ауруханасы Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты анестезиолог дәрігер Бауыржан Бабашев шеберлік сабағында жергілікті ауырсынуды басудың екі тың әдісін 5 дәрігерге үйретті.

Делегация құрамындағы  пульмонолог дәрігер  Мадина Есенгелдинова өңірдің 22 тұрғынына жеке қабылдау жүргізіп, 15 маманға өкпенің созылмалы обструктивті және интерстициальды аурулары туралы дәріс оқыды.

Елордалық дәрігерлер Атырауда 6 күрделі ота жасады

Сонымен қатар МО ауруханасы Сheck-Up бөлімшесінің меңгерушісі Жазира Тұңғышбаева 25 адам қатысқан дәрісте науқастарға амбулаториялық көмек көрсетудің заманауи мүмкіндіктері, check-up-ті тиімді ұйымдастыру туралы ауқымды ақпаратпен бөлісті.

Аллерголог дәрігер Ботагөз Давлетова атыраулықтарға 21 кеңес жүргізіп, 14 адамға сала бойынша дәріс оқыса, Дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының басшысы Гүлшара Абильдина 10 онкологиялық диспансер маманына, қалалық перзентхананың 40 дәрігеріне сабақ өтті.

Айта кетерлігі, ҚР ПІБ МО ауруханасының білікті дәрігерлері 23-26 мамыр аралығында Атырау облысының тұрғындарына тегін қабылдау жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға