Жаңалықтар

Елордалық азамат дүкеннен 4 бума жөргек ұрлаған

Елордалық азамат дүкеннен 4 бума жөргек ұрлаған
Фото: © Polisia.kz 23.08.2023 13:06 760

Елордалық 19 жастағы азамат дүкеннен балаларға арналған жөргек ұрлаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астана қаласы ПД Байқоңыр ауданы ПБ-ның тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлықпен айналысқан 19 жастағы қала тұрғынын анықтаған.

Тергеу барысында жас жігіт сағат 17:30 шамасында Иманов көшесіндегі супермаркетте болғаны белгілі болды. Сауда алаңында сатушының жоқтығын пайдаланып, сөреден жасырын түрде 4 бума нәресте жөргектерін алып, дүкеннің артқы есігінен шығып, қашып кеткен. Алайда оның айла жасап, ұрлыққа барған әрекеті сол сауда алаңында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Камерада жас жігіттің сөреден нәресте жөргегін ұрлап, қойма арқылы шыққаны анық көрсетілген. Елордалық тұрғын ұрланған заттарды кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға сатқан.

Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр, аталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға