Жаңалықтар

Елордалық 95 жастағы сәнқой әже жұртты таңғалдырды

Елордалық 95 жастағы сәнқой әже жұртты таңғалдырды
Фото: Видеодан кадр 09.02.2024 12:24 2206

Астаналық әжей Жамария Хабан өзінің сәнді киімімен көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі «Таңшолпан» бағдарламасына сілтеме жасап.

Еңбекке ерте араласқан әже, сәнді киіну мүмкін болмағанын айтады.

Балаларымның күтімі жақсы. Тамағымды дайындап береді. Аяғымды жерге тигізбейді. Осылардың арқасында тірі жүрмін. Таңертең тұра сала жылы суға бір қасық бал салып ішемін, - деді Жамария әже.

Немере келіні Айжібек Бекболат сәнді киінген әжесін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жүр.

Экранға шығу жас кезінен арманы болған екен. Бізбен бірге сауда орталықтарына киініп, әдемі болып барады. Бетін боятуға да қарсы емес. Жұрттың ойы әжемді еш қызықтырмайды, - дейді келіні.

Бүгінде Жамария әже 7 баладан 10 немере 15 шөбере сүйіп отыр.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға