Жаңалықтар

Елордалық 200-ден астам педагог шетелде тәжірибеден өтті

Елордалық 200-ден астам педагог шетелде тәжірибеден өтті
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 29.08.2023 14:13 977

Астаналық мұғалімдер шетелде тәжірибе жинап қайтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қайырбаеваның мәліметінше, барлық деңгейдегі педагогтердің біліктілігін арттыру жөніндегі деректерді жүйелеу мақсатында алғаш рет білім беру ұйымдары, оқу пәндері, курстардан өту мерзімдері мен тақырыптары бөлінісінде біліктілікті арттыру курстарынан өту бойынша дербес және жиынтық ақпаратты толық жинайтын, сондай-ақ біліктілікті арттыру қажеттілігін айқындайтын цифрлық платформа әзірленді.

Осы жылдың тағы бір жаңалығы – биыл қараша айына жоспарланған директор орынбасаралары қатарынан 30 орынбасарды MBА бағдарламасы бойынша кадрлық резервті оқыту. Жыл бойы тәжірибе алмасу мақсатында педагогтерді оқыту және біліктілігін арттыру бойынша халықаралық және отандық тағылымдамалар практикаға белсенді енгізілді. 200-ден астам педагог Сингапур, Жапония, Грузия, Финляндия елдерінің халықаралық оқу орындарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті және маңызды бағыттары бойынша халықаралық практиканың өзекті, тиімді және қолайлы компонентін оқу процесіне интеграциялау үшін тағылымдамадан өтті. Бұл тәжірибе жаңа оқу жылында да жалғасатын болады, - дейді ведомство өкілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға