Жаңалықтар

Елордалық «Мәміле» клубының мүшелері қазақи есімдер мен топонимиканың шығу тарихын зерделеді

Елордалық «Мәміле» клубының мүшелері қазақи есімдер мен топонимиканың шығу тарихын зерделеді
28.01.2020 10:15 2819

Елордалық Достық үйінде «Қазақтану» жобасы аясында ашылған Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Мәміле» пікірталас клубының кезекті отырысы өтті.

Елордалық «Мәміле» клубының мүшелері қазақи есімдер мен топонимиканың шығу тарихын зерделеді

«Мәміле» клубының басты міндеті – еліміздегі этностар арасында қазақ халқының гуманитарлық және адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру, Қазақстан халқының бірлігі мен достық дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мен сабақтастық тетігін құру болып табылады.

Елордалық «Мәміле» клубының мүшелері қазақи есімдер мен топонимиканың шығу тарихын зерделеді

Этномәдени орталықтардың қатысуымен іс-шара «Қазақ халқы есімдері, жер-су атаулары және оның тарихы» деген тақырыппен еркін форматта өтті. Модератор ретінде қоғам қайраткері Қадырбай Нұрпейісов сөй сөйлесе, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының бас маманы Гүлнара Тайгокова этнос жастарымен өз ойымен, ақыл-кеңесімен бөлісті.

Елордалық «Мәміле» клубының мүшелері қазақи есімдер мен топонимиканың шығу тарихын зерделеді

Отырысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Руханият» КММ орталығының оқытушысы Сәнім Естемесова жалғастырды. Ол өз кезегінде қатысушыларға аранайы 45 минуттық интеллектуалдық сабақ өткізді.

Елордалық «Мәміле» клубының мүшелері қазақи есімдер мен топонимиканың шығу тарихын зерделеді

Сабақ басталмас бұрын сергітетін ойын ойнатылып, кейіннен түрлі тапсырмалар берілді. Этнос өкілдері қазақ тіліне үйренуге деген құлшыныстарын танытып, берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындады. Арнайы бейнематериалдарды арқау етіп, жеке көзқарастары мен ой-толғамдарын ортаға салды.

Отырыс соңы өткізілген дәрістерді сараптау және қорытындылаумен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға