Жаңалықтар

Елордалық Достық үйі өрт қауіпсіздігі тексерісінен өтті

Елордалық Достық үйі өрт қауіпсіздігі тексерісінен өтті
14.01.2020 18:30 3584

Елордалық Достық үйінде өткен өрт қауіпсіздігі бойынша жоспарлы оқу-жаттығулар нысанның төтенше жағдайларға толық дайындығын көрсетті.

Елордалық Достық үйі өрт қауіпсіздігі тексерісінен өтті

Сценарий бойынша орталық бақылау пунктінің диспетчері шартты жану туралы дабылды қабылдады. Ғимаратта хабарландыру жүйесі іске қосылып, қызметкерлер шұғыл түрде жұмыс орындарын қалдырды. Осы уақытта ғимаратта 25-тен астам адам болды.

7 минуттан кейін шартты жану орнында Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі өз жұмысын бастап кетті. Өрт сөндірушілер бірінші кезекте ғимаратта адамдардың қалмағанына көз жеткізді. Барлық эвакуациялық шығулар ашылып, шартты түрде өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндіру бөлімінің бір қызметкері оқиға хронологиясы журналында барлық іс-әрекеттерді тіркеп отырды.

Елордалық Достық үйі өрт қауіпсіздігі тексерісінен өтті

Барлығы аяқталған соң, өрт сөндіру бөлімінің мамандары Достық үйінің қызметкерлеріне тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ережені ескерте кетті. Улы газбен уланудың алдын алу және өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Достық үйі нысанында өрт-тактикалық сабақтар кестесіне сәйкес біз 4 күн жаттығу жұмыстарын жүргіздік. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 2 көлік келді: АЦП 8-40 және АЦП 6-40. Өрт сөндіруге 2 Б оқпан жұмылдырылды. Біріншісі өртті сөндіруге, ал екіншісі көрші ғимаратты қорғауға берілді. Жалпы оқу өте жақсы өтті. Қызметкерлердің өрт болған жағдайда дұрыс іс-қимыл жасауға дайын екендігін атап өткен жөн», - деді №1 МӨСБ бөлім бастығының орынбасары Талғат Абдрахманов.

Елордалық Достық үйі өрт қауіпсіздігі тексерісінен өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға