Нұр-Сұлтандық бес кикбоксер V Ислам ынтымақтастық ойындарының финалына шықты
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
17.08.2022 12:29
1204
Елордалық бес кикбоксер V Ислам ынтымақтастық ойындарының финалына шықты,–деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жариялады.
Естеріңізге салсақ, Түркияның Кония қаласында V Ислам ынтымақтастық ойындары өтіп жатыр. Бәсеке осы жылдың 18 тамызына дейін жалғасады.
Ислам ойындарына әлемнің 56 елінен 4200 спортшы күш сынасуда.
Бұл сында Қазақстанның намысын спорттың 16 түрінен 125 спортшы қорғауда.
Сол сияқты кикбоксинг спорт түрінен өтіп жатқан жарыста 5 бірдей жерлесіміз финалға шықты. Олар: Әлихан Оздоев, Нұрсұлтан Жұмабаев, Берік Искаков, Мақсат Усип және Руслан Степанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға