Жаңалықтар

Елордалық саябақтағы елеулі өзгерістер

Салауатты өмір салты
27.04.2016 04:21 3509

Биыл елорда саябағында 1 мамырдан бастап аттракциондар, ашық бассейндер, би алаңдары іске қосылады.

Елордалық саябақтағы елеулі өзгерістер

Қазір би алаңдары мен ашық бассейн кешендерінің аумақтарын абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Паркті қалпына келтіру кезінде «Уақыт өзені» субұрқағы бар басты аллея, «Сағат» стеласы, су шымылдығы бар үңгірлер, «Күннің көзі» композициясы, олимпиада чемпиондары алаңын жасау қарастырылған. Сондай-ақ, саябақта су арнасы мен жағалау, үш тас көпір, сарқырамасы бар көру алаңы және серпінді су бұрқақтар кешені болады.

Қайта қалпына келтіру кезінде парктегі тоғанның аумағы кеңейтілді. Саябақ «Merry go round» және «Сircus swing» әткеншектері, балаларға арналған «Aladin jet 6» мини-джет, «Balloon wheel»шағын көру дөңгелегі, «Wonder Flight» сияқты аттракциондармен толықты. Парк аумағында орнатылған тренажерлер ересектер мен балалардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді. 


Әзірлеген – Айбота ӨТЕУЛІ

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға