Жаңалықтар

Елордалық ақ халаттылар сапа стандартын дәлелдеді

«Ана мен бала ұлттық орталығы» емдеудің «алтын стандарты» атағын иеленді
14.07.2015 09:43 4168

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ халықаралық JCI аккредитациясынан өтті. Орталық халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы талапқа сай екенін дәлелдеп, жоғары статусты мойындатты.

Жақында ғана «Ана мен бала ұлттық орталығы» АҚ JCI (Joint Commission International) ұйымының реаккредитациядан сәтті өткендігін растайтын сертификатқа қол жеткізді. Халықаралық ұйым сарапшыларының қорытындысы бойынша Орталық максималды 10 ұпайдың 9,9 ұпайын жинаған.

Елордалық ақ халаттылар сапа стандартын дәлелдеді

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-ның ұжымы реаккредитациядан өтуге 2014 жылдан бастап дайындалған. Дайындық жұмыстарына Орталықтың барлық қызметкерлері, клиникалық бөлімшелердің мамандары, әкімшіліктегі бөлімшелер мен сауда орындарының өкілдері мен аутсорсинг компаниялары  атсалысқан.

Елордалық ақ халаттылар сапа стандартын дәлелдеді

Сәуір айының 13 мен 17 аралығында медициналық орталықта аудит жұмыстары жүргізілді. Аудиторлар медициналық және медициналық емес қызметкерлердің кәсіби деңгейі, этикалық стандарттар (пациенттің ойын ескеру, пациенттермен медициналық және әкімшілік қызметкерлердің қарым-қатынасы), инфекция мен емханадағы қауіптерді бақылау қызметтерінің жүйелері жіті тексерілді. Бағалау қызмет көрсетудің қауіпсіздігі, пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі, техникалық инфрақұрылым, өндірістік және қоршаған ортаны корпоративтік бақылау сынды критерийлер  ескерілді.

Ана мен бала орталығының халықаралық реаккредитацияға қол жеткізуі – жоғары сапалы қызмет пен емдеудің қауіпсіздігіне бағытталғандығын айқындайды. Еліміздегі пациенттер шет мемлекеттерге шықпай отанымызда сапалы ем алуына жол ашылып келеді. Сонымен қатар шет мемлекеттерден Қазақстанға келіп емделем деушілердің  саны күннен күнге артып келеді. Бұл үрдіс еліміздегі медициналық туризмнің дамуына жол ашады.

Елордалық ақ халаттылар сапа стандартын дәлелдеді

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» – 2012 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы кеңістігіндегі халықаралық Joint Commission International аккредитациясына қол жеткізген алғашқы клиникалардың бірі. Аталған аккредитация Орталықтың дүниежүзілік стандарттарға сай сапалы қызмет көрсететінін дәлелдейді. Бүгінгі таңда дүние жүзі бойынша 400 – ден астам клиникалар ғана JCI аккредитациясынан өткен. Joint Commission International аккредитациясы – жоғары санаттағы медициналық қызметтердің сапалы болуын дәлелдеп, емдеудің «алтын стандарты» саналады.

Елордалық ақ халаттылар сапа стандартын дәлелдеді

Мұндағы ақ халатты мамандар ана мен бала орталығы көрсететін медициналық қызметтің сапасын бұдан да жақсарта түспек.


Тұмар АСЫЛ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға