Елордадан бір күнде 37 мың текше метр қар шығарылды
12.02.2024 20:19
Фото:
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Қыстың басынан бастап коммуналдық қызмет елордадан полигондарға 4,4 млн текше метр қар шығарды. Жұмыстар тәулік бойы үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
12 ақпанда бір күнде қаладан 37 мың текше метр, яғни үш мыңға жуық рейс қар шығарылды. 12-13 ақпан аралығында қар тазалау жұмыстарына мыңнан астам арнайы техника мен 300-ге жуық жол жұмысшысы жұмылдырылады.
Айта кетейік, қыс басынан бері полигондарға шамамен 4,4 млн текше метр қар шығарылды, бұл 322,7 мың ауыр жүк көлеміне тең болып отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

