Жаңалықтар

Елордадан бір күнде 28 мың текше метр қар шығарылды

Елордадан бір күнде 28 мың текше метр қар шығарылды
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 12.03.2024 20:47 490

Астанада көшелер мен тротуарларды қар мен мұздан тазарту бойынша күшейтілген жұмыстар жалғасуда. Түнгі ауысымда 600-ден астам арнайы техника жұмылдырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

12 наурыз күні қаладан 28 мың текше метр қар шығарылды, бұл екі мың ауыр жүк көлемінен асып түсті. Түнгі ауысымда қар тазалау жұмысына 600-ден астам арнайы техника мен 200-ге жуық жол жұмысшы жұмылдырылады.

Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 458 мыңға жуық рейс арқылы 6,2 млн текше метр қар шығарды. Айта кету керек, соңғы күндері елордада жауын-шашын мол жауды. Қалада қар тазалау тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Көлік жүргізушілері жолда мұқият болуы, жылдамдық режимін сақтауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға