Жаңалықтар

Елордадан 3,3 млн текше метрден астам қар шығарылды

Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде
Елордадан 3,3 млн текше метрден астам қар шығарылды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 21.02.2023 01:18 904

Астанадан 3,3 млн текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада қар тазалау жұмысы тәулік бойы үздіксіз режимде жүріп жатыр. Күн сайын қар күреу жұмысына 1,5 мыңға дейін жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылады.

Елордадан 3,3 млн текше метрден астам қар шығарылды

20 ақпан күні түстен кейін елорданың көшелерінен, жолдарынан, алаңдары мен тротуарларынан 19 мың текше метрден астам қар немесе 1 577 рейс күрелді.

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3,3 млн текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 268 459 рейс жасалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға