Жаңалықтар

Елордадағы Үркер тұрғын үй алабында екі мектеп салынады

Елордадағы Үркер тұрғын үй алабында екі мектеп салынады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 20.05.2023 19:14 1003

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Үркер (Ильинка) тұрғын үй алабының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғын үй алабындағы бастапқы міндет – кәріз және электрмен жабдықтау желілеріндегі мәселе. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр, - деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар тұрғындар кездесу барысында жол құрылысы, жаяу жүргіншілер жолы, әлеуметтік нысандар, абаттандыру, жарықтандыру, аялдамаларға қатысты мәселе көтерді.

Мектеп мәселесі де өзекті болып отыр. «Үркер» ТА екі мектептің құрылысы басталды. Бір оқу ордасы 900 орынға, ал екіншісі 2 мың орынға арналған. Мектеп 2024 жылы беріледі деп күтілуде. Биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Түскен мәселелер бойынша жұмыс кестесін реттейміз. Жұмысты кезеңдеп жүргізудеміз, - деді Жеңіс Қасымбек.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға