Елордадағы Керей-Жәнібек хандар көшесінің учаскесі ішінара жабылады
31.08.2024 07:13
Фото:
Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандар көшесінің жол төсеміне жөндеу жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Ә.Бөкейхан/Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толығымен жабылады.
Сонымен қатар 31 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Ә. Бөкейхан көшесінен бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

