Жаңалықтар

Елордадағы дүкендердің бірінен телефон ұрлаған қыз ұсталды

Елордадағы дүкендердің бірінен телефон ұрлаған қыз ұсталды
Фото: © Polisia.kz 06.09.2023 16:12 1172

Елордадағы дүкендердің бірінен iPhone 13 телефонын ұрлаған бикеш анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Байқоңыр ауданы ПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында телефон ұрлаған 21 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында бойжеткен қыз күндіз Бараев көшесіндегі ұялы телефон дүкеніне кіргені анықталды. Сатып аламын деген желеумен ұялы телефондардың бірнеше үлгісін көрсетуді өтініп, сатушыны алаңдату арқылы iPhone 13 телефонын үнсіз қалтасына сүңгітіп, алып кеткені белгілі болған. Келтірілген материалдық шығын 320 мың теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, заттай айғақтар алынды. Астана тұрғыны кінәсін мойындап, оның бұған дейін елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға