Елордадағы Алмалық көшесінің учаскесі толық жабылады
16.09.2024 17:20
Фото:
© El.kz
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Алмалық көшесі бойынша Д. Бабатайұлы көшесінен Болашақ көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 16 қыркүйек күні жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

