Елордада жолаушылар автобусынан өрт шықты
27.07.2022 18:25
Фото:
inform.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі елордада көше ортасында өрт шыққан автобусқа қатысты мәлімет берді, – деп хабарлайды El.kz.
–27 шілде күні сағат 14.45-те өрт сөндіру бөлімшелері Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Түркістан көшесінде жанып жатқан автобус туралы түскен хабарлама бойынша шақыртуға шықты.
Оқиға орнына жеткен бойда маршруттық автобустың қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды.
Өрт 14.58-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 5 адам мен 1 техника жұмылдырылды, – делінген ұсынылған хабарламада.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

