Жаңалықтар

Елордада тұрғындарын алдаған алаяқ ұсталды

Белгісіз біреу қала тұрғынының сеніміне кіріп, жарты миллион теңгеден астам ақшасын иемденген.
Елордада тұрғындарын алдаған алаяқ ұсталды
08.07.2022 06:17 1683
Нұр-Сұлтанда полицейлер тағы бір алаяқты құрықтады, деп хабарлайды El.kz..

Жәбірленушінің айтуынша, ер адам өзін мейрамхана әкімшісі ретінде таныстырып, көп қонақпен іс-шара өткізуге уәде берген және 590 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем алған.

Белгісіз біреу қала тұрғынының сеніміне кіріп, жарты миллион теңгеден астам ақшасын иемденген. Әйел қаскүнемнің банкет залының әдемі түрлі-түсті фотосуреттері салынған интернет желісіне орналастырған хабарландыруы бойынша қоңырау шалып, алаяқтың қармағына түсіп қалған.

– Жәбірленушінің айтуынша, ер адам өзін мейрамхана әкімшісі ретінде таныстырып, көп қонақпен іс-шара өткізуге уәде берген және 590 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем алған. Бұл қаражат ғимаратты броньдау үшін қажет деп түсіндірген. Тапсырыс беруші осы шартпен келісіп, қажет соманы берген. Күдікті ақшаны алып, қайта байланысқа шықпаған, – делінген Polisia.kz хабарламасында.

Нұр-Сұлтанның Полиция департаменті “Алматы” ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында елорданың 33 жастағы тұрғынын ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабымен “Алаяқтық” сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға