Елордада шатырдан секірмек болған әйел құтқарылды
01.08.2022 22:29
Фото:
dixinews.today
Елордада әйел ғимарат үстіне шығып секірмек болған, деп хабарлайды El.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– 1 тамыз күні сағат 15:02-де «102» каналына Бейбітшілік көшесінде орналасқан ғимаратқа шығып алған әйелдің секірмек болып жатқаны туралы хабар келді. Оқиға орнына жедел қызмет жіберіліп, әйелді құтқарудың сәті түсті, - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ ресми хабарламада суицид жасамақ болған әйелге психологиялық көмек көрсетілгені айтылған. Болған оқиғаға қатысты тексеру шарасы жүріп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

