Елордада пәтер берілетін көпбалалы отбасылардың тізімі шықты

 baq.kz
Фото: baq.kz

Нұр-Сұлтанда үй кезегінде тұрғандар арасында жалдамалы баспанаға қол жеткізгендердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды El.kz

Бұл іріктеуге өтінімдер 18-24 маусым аралығында қабылданған болатын. Санаты - көпбалалы отбасылар. Барлығы - 2,3 бөлмелі 124 пәтер.

Бұл баспана сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Бағдарламаға өткендер мен өтпегендердің аты-жөні әкімдіктің сайтында жарияланған.

Тізімді осы сілтемеден жүктеп алуға болады.



Оқи отырыңыз