Жаңалықтар

Елордада мемлекеттен берілетін жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды

Бұл – сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы
Елордада мемлекеттен берілетін жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды
Фото: inform.kz 07.07.2022 09:25 2316

Елордада жалдамалы баспанаға ілінген тұрғындар белгілі болды, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

18-24 маусым аралығында үй кезегінде тұрған осал топтағы азаматтарға арналған 117 пәтердің (1,2,3 бөлмелі пәтерлер) иелері анықталды.

Бұл – сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы. Оның нәтижесін және баспаналы болғандардың тізімін zhilfond.kz сайтынан көруге болады.

Әлеуметтік жағынан осал топтар санаты бойынша 1 бөлмелі пәтерге - 2009 жылдың 11 ақпанына дейін, 2 бөлмелі пәтерге - 2010 жылдың 5 ақпанына дейін, 3 бөлмелі пәтерге - 2008 жылдың 18 тамызынаа дейін кезекте тұрғандар ие болды.

Жетім балалар санаты бойынша 1 бөлмелі пәтерге - 2010 жылдың 21 мамырына дейін, 2 бөлмелі пәтерге - 2012 жылдың 8 тамызына дейін, 3 бөлмелі пәтерге - 2012 жылдың 13 шілдесіне дейін кезекте тұрғандар өтті.

Бағдарлама бойынша өткендердің барлығына жақын арада тұрғын үй орталығының қызметкерлері қоңырау шалып, әрі қарай не істеу керектігін хабарлайды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға