Жаңалықтар

Елордада бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Жас мамандар назарына! Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтеді.
08.07.2015 04:26 5229

Ертең елордада «Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ қолдауымен түлектерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Шара ЖОО мен колледждер түлектері және жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасуына нәтижелі көмек көрсетуге бағытталып отыр. Жәрмеңке «Конгресс-холл» ғимаратында 10.00-15.00 аралығында өтеді.

Елордада бос орындар жәрмеңкесі өтеді 

Шараға BI-Group, Базис-А, Mega line, Смэу Астана, Comfort air, Қазақстан құбыр зауыты, Magnum, Transtelecom, RDC Астана, Астана Инженерлік орталығы секілді 150-дей компания қатысып, 500-ден астам жұмыс орнын ұсынады.

Елордада бос орындар жәрмеңкесі өтеді 

Бос орындар жәрмеңкесі қатысушыларға өздерін қызықтыратын бос орындар туралы мәлімет алуға, ал, жұмыс берушілерге үміткерлердің іскерлік қасиеттерін бағалап, жас мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Аталмыш шара жастар арасында жұмыссыздық мәселелерін шешетін маңызды механизм болып табылады.

Елордада бос орындар жәрмеңкесі өтеді 

Астанада жыл басынан бері 5 айдың ішінде 7 354 жаңа жұмыс орны ашылған. Оның ішінде: өнеркәсiп саласында 644, құрылыста 1 207, көлік және қойма саласында 487, көтерме және бөлшек сауда желісінде 1 619, бiлiм беру саласында 781, денсаулық сақтау саласында 368 және экономикалық қызметтің басқа түрлері саласындағы бос орындар саны 2 248 жеткен. Ал, Астана қаласы әкiмдiгінің Жұмыспен қамту орталығы 1 889 адамды жұмысқа орналастырған. Тәжірибеден өту үшін 126 түлек өндіріс орындарына жіберілсе, жаңа мамандық меңгеру мақсатында 114 адам қайта даярлау курсына жіберілді.

Елордада бос орындар жәрмеңкесі өтеді 

Еске салайық, «Нұрлы жол» жаңа экономикалыық саясатты іске асыру аясында 2015-2019 жылдары 400 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Ал, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағадарламасы бойынша елордада 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сәйкес, қаңтар-сәуір айларында 1664 тұрғын мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылған.

Елордада бос орындар жәрмеңкесі өтеді 

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында арнайы қайта даярлау курстарынан өтіп, жаңа мамандық иесі атануға болады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері алғашқы тәжірибені жастарға арналған тәжірибелік жұмыстарды атқара отырып жинай алады. Еңбекақы мөлшері 46 000 теңгені құрайды, тәжірибелік жұмыс істеу мерзімі - 6 ай.

Одан өзге, жастарды жұмыспен қамтуға арналған арнайы мобильдік пункттер де бар. Ол жерде қала тұрғындары жұмыспен қамтуға байланысты барлық көкейдегі сауалдарына жауап алып, бос жұмыс орындарын таңдай алады.


Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға