Елордада апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
10.06.2022 11:50
11 маусымнан 5 қарашаға дейін елордада әр демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Оған 40-тан астам жергілікті кәсіпкер мен өңірлердің өндірушілері қатысады, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкелерде көкөністердің негізгі түрлері, сол сияқты ет және сүт өнімдері, азық-түлік, балық, бал ұсынылады, олар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша базар бағасынан арзан сатылатын болады.
Оған Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тартылды. Жәрмеңке маусымы барысында фермерлер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің аймақтық жәрмеңкелері өтеді.
Жәрмеңке Тұран даңғылы, 48 мекенжайындағы «Астана-Арена» стадионының жанындағы тұрақта өтеді және сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, «Astana» ӘКК» АҚ жәрмеңкелерге қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдауды жалғастыруда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

