Жаңалықтар

Елордада «Сот кабинеті» электрондық порталы өз жұмысын бастады

1 қыркүйектен бастап сот органдарында «Сот кабинеті» электрондық порталы жұмыс істей бастады
08.09.2015 08:45 4279

Үстімідегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап сот органдарына талап-арыз беру жұмыстары тек «Сот кабинеті» электрондық порталы арқылы ғана жүзеге асырылып келеді», деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мемлекеттік-құқықтық бөліміне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда «100 нақты қадам» бес институционалдық реформалардың Ұлт жоспары аясында қолжетімділік механизмін ықшамдау және жеделділікті, сонымен қатар азаматтардың электронды сот өндірісіне алыстан қатысуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Жоғарғы сотымен ұсынылған «Сот кабинеті» электрондық жобасы жүзеге асырылуда.

Елордада «Сот кабинеті» электрондық порталы өз жұмысын бастады

Электрондық сервиске ауысу сот өндірісіне қатысушылаға сот органдарына жүгіну процедурасын жеңілдетуге мүмкіндік береді, материалдық шығынды азайтады, сот органы кеңсесінің жұмысын айқындайды және тұтастай Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдарының заң қызметтерінің жұмысына оң ықпалын тигізеді. Мемлекеттік органдардың өкілдері «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы жұмыстарды ұйымдастыруды мақұлдады.

Елордада «Сот кабинеті» электрондық порталы өз жұмысын бастады  


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға