Жаңалықтар

Елордада жыл басынан бері 227 үйге ғана газ кіргізілген

Биыл газ қостыруға 280 өтініш хат түсіп, оның 227-і іске асырған.
Елордада жыл басынан бері 227 үйге ғана газ кіргізілген
Фото: astanagaz.kz 22.09.2022 12:53 1782

Астана қалалық Отын-энергетикалық кешені және комунальдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Ұзақбаев маслихат отырысында 2023 жылы елордада газ құбыры жүргізу құрылысының картасымен таныстырды, деп хабарлайды El.kz.

«2023 жылы құрылыс жұмыстары Сығанақ көшесінің оңтүстік бөлігінде, Тұран даңғылының батыс бөлігінде және бірқатар өңірлерде жұмыс басталады. Жылыту станциялары елорданың оңтүстік-шығысында 350 ГК құрайды. Оның ішінде Нұрлы жол вокзалының аумағындағы тұрғын-жайлар және жаңа Бағыстан тұрғын-үй ауданын да қамтиды», - деді Марсель Ұзақбаев.

Сондай-ақ ол Астана қаласын 2030 жылға дейінгі жылумен жабдықтау схемасы бойынша жұмыс жасалып жатқанын айтты.

«Газ құбыры жүргізіліп біткен тұрғылықты аудандарда газды қостыруға көбісінің қалтасы көтермгендіктен әлі де көмір жағып отырған отбасылар бар. Қазіргі таңда 1 тонна көмірдің бағысы 30 мың теңгені құрап отыр. Олар қыс бойы 10 тонна көмір алса, 300 мың теңге жұмсайды. Бізге осы мәселені көтере отырып газды қостыру үшін қарастырылған жеңілдетілген бағдарлама аясын кеңейту қажет», - деді Астана қаласы маслихатының хатшысы Ерлан Каналимов.

Жеңілдетілген бағдарлама аясында айлық табысы төмен отбасыларға және арнайы жеңілдік қарастырылған отбасылардың үйіне газды қостыру үшін 400 мың теңге көлемінде жеңілдік қарастырылған. Бірақ, бұл жобаның қызметі туралы халық біле бермейді. Сондықтан үйлерге газ кіргізу жұмысы тоқырап тұрғанын айтты. Сонымен қатар осы жеңілдікке ілігетін отбасылардың нақты тізімін әлі күнге дейін жасай алмағанын айтып сөгіс жариялады.

Жыл басынан бері газ қостыруға 280 өтініш хат келген. Оның 227-і іске асырған. Бұл 1млн-нан астам қала үшін аз көрсеткіш екені айтылды.

Сонымен қатар, қаладағы 2 ауданға газ құбырын жүргізу жұмысы өте баяу жүргізіліп жатқаны айтты.

«Сарыарқа және Алматы аудандарында халық ең көп қоныстанған. Бір ғана Көкталдың өзінде 50-60 мыңнан астам адам тұрады. Алматы ауданында 100 мыңнан астам адам тұрады. Сол сияқты Сарыарқа ауданы да бар. Егер барлығын қосып есептегенде 300 мыңнан астам адам жеке тұрғын үйлерде тұрады. Бұл тек екі ауданның тұрғынын есептегендегі көрсеткіш. Демек, газ қостыра алмай отырған қаншама отбасы бар», - деді Ерлан Каналимов.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға