Жаңалықтар

Елордада жетінші күй жәрмеңкесі өтті

Елордада жетінші күй жәрмеңкесі өтті
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 03.07.2023 22:36 1285

Астанада Дина Нұрпейісова ескерткішінің жанында домбырашылар бас қосып, жетінші күй жәрмеңкесін өткізді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жәрмеңкеге тәжірибелі, танымал домбырашылар да, келешегінен зор үміт күттіретін жас таланттар да қатысты.

Күй жәрмеңкесін жетінші рет өткізіп отырмыз. Біздің басты мақсатымыз – жастарды ұлттық өнерге баулу, патриоттық сезімін арттыру, – деді «Күй анасы» республикалық қорының басшысы Төлеген Қуанышев.

Домбыра үні мен ұлттық күйлерді тыңдау үшін қала тұрғындары мен қонақтары жиналды.

Мен үйіме асығып кетіп бара жатыр едім, кенеттен домбыраның сиқырлы үнін естідім. Дана халқымыз «Жаратқан иеміз әр қазақтың жан дүниесіне күйдің бір бөлшегін енгізіп қойған» дейді. Мен бұл пікірмен толық келісемін. Шынында да, біздің жеріміз таланттарға бай. Бүгінгі іс-шара – осының бір дәлелі, - деді астаналық Мадина Сабитова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға