Жаңалықтар

Елордада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталады

Елордада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталады
Фото: gov.kz 06.02.2023 13:22 1336

2023 жылғы 10-12 ақпан аралығында Қазақстан астанасы жабық алаң ішінде жеңіл атлетикадан 10-шы Азия чемпионатын өткізеді. Ауқымды іс-шараға 500-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Чемпионат «Qazaqstan» жеңілатлетикалық спорт кешенінде өтеді. Жарыс 2023 жылы Азия жеңіл атлетика қауымдастығының күнтізбесіндегі ең маңызды жеңіл атлетика іс-шараларының бірі болып саналады.

Айта кетейік, жабық алаң ішінде жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты ТМД елдерінің аумағында алғаш рет өткізіліп отыр. Жарысқа 30-дан астам елден келген спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыста спортшылар жеңіл атлетиканың 26 түрінен өнер көрсетеді, олардың арасында жүгіру, лақтыру, секіру және көпсайыс бар.

Жарыс бағдарламасы:

Әйелдер:
1. Жүгіру - 60 м;
2. Жүгіру-400 м;
3. Жүгіру - 800 м;
4. Жүгіру-1500 м;
5. Жүгіру-3000 м;
6. Кедергілермен жүгіру-60;
7. Ұзындыққа секіру;
8. Биіктікке секіру;
9. Үш секіру;
10. Сырықпен секіру;
11. Ядроны итеру;
12. Эстафета-4x400 м;
13. Бессайыс.

Ерлер:
1. Жүгіру - 60 м;
2. Жүгіру-400 м;
3. Жүгіру - 800 м;
4. Жүгіру-1500 м;
5. Жүгіру-3000 м;
6. Кедергілермен жүгіру-60;
7. Ұзындыққа секіру;
8. Биіктікке секіру;
9. Үш секіру;
10. Сырықпен секіру;
11. Гептатлон;
12. Эстафета-4x400 м;
13. Ядроны итеру

Жарыстың ашылу салтанатына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті – Дахлан Әл-Хамад, Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті – Даниал Ахметов, Азия жеңіл атлетика қауымдастығы кеңесінің мүшелері, Азия елдерінің ұлттық федерацияларының басшылары, сондай-ақ еңбек сіңірген спортшылар мен қазақстандық спорт қайраткерлері қатысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға