Жаңалықтар

Елордада жас ұрпақтарды тәрбиелеудегі әдет ғұрыптар мен салт-дәстүрлер әсері талқыланады

Елордада жас ұрпақтарды тәрбиелеудегі әдет ғұрыптар мен салт-дәстүрлер әсері талқыланады
28.11.2019 09:45 2399

29 қарашада сағат 15.00-де елордадағы Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы, 24/9) «Жас ұрпақтарды тәрбиелеудегі әдет ғұрыптар мен салт-дәстүрлер әсері» атты тақырыппен дөңгелек үстел өтеді. 

Оның негізінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесі мүшелерінің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қатысуымен бірлескен отырыс өтеді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жас ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылап, жұмыс тәжірибесімен бөліседі. Қоғам мен отбасындағы мінез-құлық мәдениетіне, адамгершілік құндылығына, жеке тұлғаның қалыптасуына, сондай-ақ салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың ықпалына баса назар аударылады деп жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға