Елордада жас отбасылар арасындағы байқаудың қорытындысы шықты
Астанада «Үздік жас отбасы» атты байқауының финалы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші турға 54 жас отбасы қатысты. Олар Қазақстан тарихын білуге, логикаға және басқа да сынақтарға негізделген интеллектуалды сайыс – куиздерден өтті. Іріктеу нәтижесінде финалға 10 үздік отбасы шықты.
Финалға өткендер өз отбасыларын таныстырды. Атап айтқанда, олардың тарихы, дәстүрлері, құндылықтары мен жетістіктерін көрсетті. Сондай-ақ жарқын шығармашылық нөмірлерін ұсынды: әндер, билер, театрландырылған қойылымдар мен ұлттық салт-дәстүрлер.
Бірінші орын иегерлері 700 000 теңге, екінші орын иегерлері 500 000 теңге, үшінші орын иегерлері 300 000 теңге алды. Қалған финалистердің әрқайсысы 100 000 теңгеден ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Ұйымдастырушылар айтуынша, байқаудың ерекше әлеуметтік маңызы бар.
Жас отбасылар мен жастар – бұл елдің болашағы. Бүгінде ажырасулар статистикасы өсіп келе жатқан кезде мұндай іс-шаралар аса өзекті. Олар отбасы институтын және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, мұндай жобалар отбасыларды қоғамдық өмірге тартады. Біз бірге ағаш отырғыздық, қыш құмыра жасау өнері бойынша шеберлік сабақтарын, аспаздық курстар мен спорттық сайыстар өткіздік. Әр жолы біз ортақ іс олардың бір-біріне жақын болуына ықпал ететінін байқаймыз, — деді байқау ұйымдастырушысы Анар Битебаева.
Қатысушылар сайыс олар үшін тек мереке емес, сонымен бірге қарым-қатынас алаңы болғанын алға тартты.
Біз қатысып көргіміз келді, өйткені қазір отбасылық құндылықтардың дағдарысы байқалады. Мұндай жобалар отбасыны ішкі жағынан нығайтуға көмектеседі және әрбір мүшесіне қуаныш сыйлайды. Байқауларға балалардан бастап ата-аналарға дейін бәрі қатысады. Бұл біріктіреді және есте қалады, – деді байқау қатысушысы Әли Үкенов.

