Жаңалықтар

Елордадағы субұрқақтан энтеровирус РНК-сы анықталды

Субұрқақтардың су сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді
Елордадағы субұрқақтан энтеровирус РНК-сы анықталды
Фото: ашық дереккөз 01.07.2022 17:25 1100

Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

Елордадағы Абай және Жеңіс даңғылдарының қиылысында орналасқан су бұрқақта вирусологиялық көрсеткіштер бойынша энтеровирус РНК-сы анықталған.

«Ауа райының жылы болуына және шомылу маусымының басталуына байланысты елордада энтеровирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың маусымдық артуы байқалады. Атап айтқанда, соңғы екі аптада Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сырқаттанушылық деңгейі 2,6 есе өсті. Жалпы жыл басынан бері 453 адам ауырып қалды. Оның 52 пайызы немесе 234 жағдай жазғы кезеңге келеді. Балалар, сондай-ақ иммун тапшылығы бар немесе басқа сырқат түрлерінен әлсіреген адамдар бұл инфекцияға көбірек бейім. Жыл басынан бері тіркелген барлық жағдайлардың 98 пайызы немесе 443-і - 14 жасқа дейінгі балалар», деді бас санитар.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 63 бала емделіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға