Жаңалықтар

Елордадағы Халықаралық марафонға 2,5 мыңға жуық адам қатысты

Халықаралық марафон 2 сағатқа созылды
Елордадағы Халықаралық марафонға 2,5 мыңға жуық адам қатысты
Фото: Миражан Махан 09.10.2022 10:36 1990

Елордада 42,2 және 10 шақырымдық қашықтықта жүгіруден Халықаралық Astana Marathon 2022 өтті, деп хабарлайды El.kz.

Халықаралық марафонда Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов 10 км қашықтыққа жүгіруден қатысты. Сонымен қатар, елордалық спортшылар, жүгіру клубтары, мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдардың басшылары және белгілі қоғам қайраткерлерінен де қатысқандар болды.

Елордадағы Халықаралық марафонға 2,5 мыңға жуық адам қатысты

«Қазақстанда алғашқы марафон 2009 жылы басталды. Ол кезде 7 шақырымға жүгірген болатын. Ал, алғашқы 42,2 шақырымға жүгіру марафоны 2015 жылы өтті. Содан бері жыл сайын марафон ұйымдастырылып келеді. 2020 жылы Халықаралық атлетика ұйымдастырушылары Astana Marathon-ға қола жүлде табыстаған болатын. Бұл үлкен марапат, себебі, біз Азиядағы ерлер және әйелдер арасындағы категория бойынша ең жылдам марафондардың көшбасшысымыз. Сондықтан біздің қаламыз рекордтар орнатуға қолайлы жер болып отыр», - деді Astana Marathon негізін қалаушы, ұйымдастырушы Гаухар Брамлейфентон.

Сондай-ақ, Халықаралық марафонға Қазақстанның әртүрлі қалаларынан және Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Моңғолия және басқа елдерден 2,5 мыңға жуық адам қатысты. 42.2 км қашықтықтағы марафоншылардың 92,76% ерлер және 7,24% әйелдер құрайды. 10 км-де 66,43% ерлер мен 33,57% әйелдер болды.

Елордадағы Халықаралық марафонға 2,5 мыңға жуық адам қатысты

10 шақырымға жүгіруден мәреге бірінші болып ерлер арасында Петропавловск қаласынан келген Вадим Левченков жеңімпаз атанды. Ал, әйелдер арасында Петропавловск қаласынан келген Айжан Аржаникова бірінші болып мәре сызығын аттады.

Халықаралық марафонда жалпы қатысушыларға 2 сағат уақыт берілді. Қатысушылардың денсаулығын қадағалау үшін медицина мамандары мен еріктілер көмек көрсетті.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға